қазақша · русский · english
 
 
 
11.04.2018

 

Профессор Александр Шабаловпен кездесу

 

Ағымдағы жылдың 2-12 сәуір аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ құрылғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ғылым декадасы» аясында университет қабырғасында тарихи-тағылымдық шаралар, тарихшы ғалымдармен кездесулер өтуде. Осы бағытта ұйымдастырылған іс-шаралардың бірі - тарих ғылымдарының докторы Александр Сократович Шабаловпен кездесу өтті. Кездесуге тарих мамандығы бойынша білм алушы магистранттар, докторанттар, профессор-оқытушылар құрамы және академиялық ұтқырлық негізінде тағылымдамадан өтуге келген М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің магистранттары қатысты. Шара барысында Александр Шабалов «О происхождении тюркоязычных народов...» тақырыбында дәріс берді.


Дәріс барысында, ғалым, ғұндардың шығу тегі, территориясы, құрылымы туралы ақпарат бере отырып, зерттеулері барысында қалыптасқан ғұндарға қатысты жаңа концепциясын ұсынды. Мәселен, бұған дейін тарихта тиісті бағасы берілмей келген, ғұндардың әскербасы - Баламирдің тұлғасына назар аударып, болашақ зерттеушілерге осы тұлға аясында зерттеулер жүргізуге кеңес берді.

 

Кездесу барысында, қатысушылар ғалымға көкейінде жүрген, жаңа деректерге қатысты туындаған сұрақтарын қойып, өз ойларымен толықтырды.

 

Тарих ғылымдарының докторы Александр Шабаловпен кездесу сәтті өтіп, тыңдаушылар тарапынан жоғары бағаға ие болды.

 

       

 

       

 

      




Кері оралу