Тарих және құқық факультеті |
10.04.2018
«Ең ақылды» зияткерлік ойыны
2018 жылдың 6 сәуірде Тарих және құқық институтының студенттеріне ғылыми апталығының аясында «Ең ақылды» зияткерлік ойыны өткізілді. Ойынның басты қатысушылары тарих мамандығында дәріс алып жүрген 1-3 курс студенттері болды. «Пролог» айналымында студенттер арасынан ең үздік үш студент іріктелген соң, олар өзара өз білімдерімен сайысқа түсті.
Ойынның шарты бойынша негізгі қатысушылар қызыл, сары және жасыл жолдарды таңдап, әр жолдың шарттарымен танысып, сұрақтарға жауап береді. Қызыл жол, жеңіске жақын екі қадамнан турады, бірақ қателесуге мүмкіндік жоқ, сары жол жеңіске апарар үш қадамнан тұрады, қателесуге 1 мумкіндік бар, жасыл жол, ең ұзақ жол, жеңіске апарар төрт қадамнан тұрады, бірақ қателесуге 2 мүмкіндік бар. Әр-бір жол тарихи-логикалық, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдығы мен «Әлем тарихы» кафедрасының 80 жылдығына арналған сұрақтар мен бейне-роликтерден тұрды.
Бұрын-соңды студенттер арасында болмаған жаңа форматтағы «Ең ақылды» зияткерлік ойынының басты мақсаты айқын, бұл бүгінгі жас тарихшыны қолдау, оның тарихқа деген қызығушылығын арттыру, білімдік деңгейін көтеру, білім бәсекесіне түсіру, сыни-логикалық ойлау дәрежесін күшейту, ғылыми-мамандық қабілетін жетілдіру, ағартушылық танымын жоғарылату, ғылыми-бұқаралық кітаптарды оқуға баулу болмақ.
Аталған іс-шараның ашылуына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларын мониторингтеу бөлімінің бастығы Галия Кирилова, Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі Мереке Тулекова, профессор Ханзада Сүтеева, аға оқытушы Нұрболат Манапбаев қатысты. «Ең ақылды» зияткерлік ойынының ұйымдастырушы, әрі жүргізушісі аға оқытушы Айнұр Шорманова болды.
Жарыс қорытындысы бойынша 1-3 курс студенттері Ырыс Құсбақ, Жақсылық Серікбеков, Қуанышбек Мадамбай дипломмен марапатталды. Белсенді қатысушылар Арман Жақсылыққа сертификат табыс етілді. Естелік фотоға түсіп, жастардың білім сайысының мерекесі осылайша өз мәресіне жетті.
Ұйымдастырушы әлем тарихы кафедрасының ұсынысымен аталған форматтағы білім жарыстары жастар арасында дәстүрлі түрде жалғасып тұру қажеттілігі айқын болды.
Елбасымыз «білімді, сауатты адамдар - ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деген. Кез-келген елдің болашағы жастардың, ұстаздардың біліктілігімен, оның өз шәкіртіне деген ықыласына тәуелді. Сондықтан, әлемдік стандартқа сай біліммен қаруланып, еліміздің болашағы үшін қызмет етіп, Отанымыздың арқа сүйер азаматы болуды ұмытпайық!
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|