қазақша · русский · english
 
 
 
02.04.2018

«Рухани жаңғыру білім саласында» әдістемелік семинары

 

2018 жылдың 29 наурыз күні Тарих және құқық институтының тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру білім саласында» әдістемелік семинары өтті. «Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі Жұмахан Нұрманбетқызы мен кафедраның аға оқытушысы, т.ғ.к. Гүлқыз Жусанбаева семинардың ашылу рәсімінде алғы сөз сөйледі.

 

Семинарға қатысушы Алматы қаласының мектеп, колледж мұғалімдері өздерінің тақырыптары бойынша ой бөлісті. Олар:

 

Ақмөр Далибаева - Алматы медицина колледжінің тарих және қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі. Тақырыбы: «Рухани жаңғыру - білім берудің басты көкжиегі».

 

Несипхан Сабитова - Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназияның тарих пәні мұғалімі. Тақырыбы: «Жаңартылған білім беруді бағалау әдістері».

 

Гульжан Рашеева - Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі. Тақырыбы: «Рухани жаңғыру - жаңартылған білім берудің басылымдықтары».

 

Айнаш Азербаева - Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі. Тақырыбы: «Тарих сабағында электронды оқулықтарды пайдаланудың тиімділігі».

 

Баяндамашылардан кейін сөз кезегі, университеттің магистранттары мен студенттеріне берілді. Семинар тақырыбы бойынша «Латын әліпбиіне көшу - Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы», «Рухани Жаңғыру - ұлтты болашаққа апарар жолы» және тағы басқа тақырыптар негізінде семинарға қатысушылардың арасында пікір алмасу өткізілді. Семинар соңында белсенді қатысушылар сертификатпен марапатталды.

 

       

 

       

 

       




Кері оралу