қазақша · русский · english
 
 
 
02.04.2018

Тарих және құқық институтының Профессор-оқытушылар құрамымының сенбілікке қатысуы

 

2018 жылдың 31 наурыз күні Университет ректорының №03-06/16 өкімі негізінде санитариялық тазарту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын уақытында үйлестіру мақсатында профессор-оқытушылар құрамымен сенбілік ұйымдастырылды.

 

Сенбілік басы абаттандыру жұмыстарын іске асыру бойынша №1 оқу ғимараты алдына ректор бастаған университет профессор-оқытушылар құрамы шырша егуден басталды. Одан кейін профессор-оқытушылар құрамы әр институт аумағын тазалау жұмыстарымен жалғасты. Сенбілікте институт оқытушылары өздеріне тиесілі аумақты тазалау жұмыстарын белсене жүргізіп, тазарту, көгалдандыру жұмыстарына ұжым болып жұмыла атсалысты.

 

Институттың профессор-оқытушылары сенбілік аясында университет тазалығына өз үлестерін айтарлықтай қоса білді.

 

  

 

  

 

  

 

 




Кері оралу