қазақша · русский · english
 
 
 
15.12.2017

Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқарманың салтанатты мәжілісі

 

2017 жылдың 13 желтоқсан күні Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне байланысты салтанатты мәжіліс өтті.

 

Іс-шараға ғалымдар, діни бірлестік өкілдері (ҚМДБ, ОПШ, РКШ), мемлекеттік орган басшылары, сарапшылар қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен құралған ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының профессоры Дәуренбек Құсайынов қатысты.


Шара барысында, діни бірлестік өкілдері, мемлекеттік органдар мен сарапшылар жылды қорытындылап, өткізілген шаралардың тиімділігін талқылай отырып, жұмыс сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізді. Қалалық және аудандық АТТ-ын дамытудың болашақ жоспарлары талқыланды.

 

Мәжілісте профессор Дәуренбек Құсайынов Алматы қаласы бойынша жастар арасында жүргізілген экстремизм және терроризмге қарсы үгіт-насихат жұмыстарына белсенді түрде қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

 

  

 

  

 




Кері оралу