қазақша · русский · english
 
 
 
10.10.2017

ТӨЛЕ БИ КӨШЕСІ - МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!


2017 жылдың 7 қазан күні Медеу ауданы әкімшілігі, Абай атындағы ҚазҰПУ-і мен Орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұйымдастыруымен Төле би көшесі күні аталып өтті.
Төле би көшесінің аталу тарихы ертеден басталады. Көшенің аталу тарихына тоқталатын болсақ, көше - Алмалы, Әуезов, Медеу аудандарына қарасты болды. Жалпы көлемі - 7 000 м.
Төле би көшесі 1927 ж. дейін - Гимназиялық деп аталды, 1990 ж. дейін Комсомол көшесі деп аталса, одан бері Төле би атауы берілді.
Бұл көше бойында А.С. Пушкин атындағы Республикалық кітапхана, Қазақстан - Британ техникалық университеті, «Сайран» автовокзалы, «Балалар әлемі», Алматы технологиялық университеті, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы және т.б. тарихы тереңде жатқан көптеген ғимараттар орналасқан.
Көше атының тарихи мәні мен бойында орналасқан түрлі әсем ғимараттарымен көрікті. Сондықтан да, бұл іс-шара өтуінің жоғарыда атап өткендей өзіндік себептері бар.
Шара барысында Алматы қаласының әкімшілігі тарапынан өкілдер келіп, елімізге танымал театр саңлақтары мен қоғам қайраткерлері сөз сөйлеп, арты концерттік бағдарламаға айналды. Аталған шараға Тарих және құқық институтынан 50-ден аса студенттер қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

 




Кері оралу