қазақша · русский · english
 
 
 
24.10.2017

Жалпықалалық сенбілік


Алматы қаласы әкімінің «Жалпықалалық сенбілік өткізу туралы» қаулысына сәйкес ағымдағы жылдың 21 қазанында қала көшелері мен аумақтарын, көпшілік демалатын орындарды, арық жүйелерін, өзен арналары мен жағалауларын қоқыстан тазарту мақсатында жалпықалалық сенбілік өткізілді.
Аталған сенбілікке университетіміздің басқа институттары мен қатар Тарих және құқық институтының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қауымы да атсалысып, 100-ден астам білім алушылары сенбілікке қатысты.
Медеу ауданы әкімдігі тарапынан институт ұжымы мен студенттеріне бекітілген аумақта, атап айтқанда, «Достық» сквері, Кіші Алматы өзені жағалауы бойымен тазалау жұмыстары толықтай жүргізілді. Сонымен қатар, сенбілікке қатысушылардың 1-курс магистранттары институт аумағын тазаласа, 1-курс студенттері мен Тәрбие жетекшілері «Достық» сквері, Кіші Алматы өзені жағалауы бойын жапырақтардан тазарту жұмыстарына жұмылдырылды.
Әсем қаламыздың тазалығы мен көркін келтіру мақсатында ұйымдастырылған бұл сенбілікке ұжымдық бірлікте атсалысқан профессор-оқытушылары мен жастарымызға университет және әкімшілік тарапы өз ризашылықтарын білдірді.

 

  

 

   

 

   

 

 




Кері оралу