қазақша · русский · english
 
 
 
14.04.2017

ЭКОНОМИКА ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАЛАЛЫҚ
ТУРНИРІ (ОЛИМПИАДА)


          2017 жылдың 14 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Джуниор Эчивмент Қазақстан» Қоғамдық қоры және «Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер» кафедрасының бірлесіп ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушыларының ХІІ қалалық экономикалық турнирі өткізілді.
        Турнирдің мақсаты: экономика негізін ғылым ретінде игеруге қызығушылық білдірген дарынды оқушыларды анықтау, оларды қолдау және дамыту; экономика саласында оқушыларға алғашқы кәсіби білім беру дайындығын жүргізу.
      Экономика пәні бойынша мектеп оқушыларының қалалық турниріне дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия, лицей, жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушылары қатысты. Экономикалық турнир шеңберінде теориялық және практикалық турлар өткізілді. Жарыс барысында қатысушылар бизнесті дамыту, кәсіпорынның маркетингтік саясатын қалыптастыру, нарықты зерттеу, компанияның ғылыми-зерттеу жұмысы және қаржы ресурстарын басқару бойынша тиімді шешімдерді тез қабылдау дағдыларын көрсете білді.
       Турнирдің жеңімпаздары Алматы қаласы Білім басқармасының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады. І және ІІ орынға ие болған жеңімпаздар 2017 жылдың 28-30 сәуір аралығында Астана қаласында өтетін Экономика пәні бойынша Республикалық Турнирге жолдама алды.

 

 

 

 

 

 




 

 




Кері оралу