қазақша · русский · english
 
 
 
05.04.2017

ӘКІМШІЛІКТЕГІ АУҚЫМДЫ КЕЗДЕСУ

          2017 жылдың 04 сәуірінде Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен Медеу ауданы аумағында орналасқан ЖОО мен колледж басшылары қатысқан жиналыс өтті. Әкім орынбасары Ғ.Майлыбаевтың жүргізуімен өткен кездесуде екі мәселе ортаға салынды.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығы және Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай атқарылған және атқарылатын іс-шаралардың кешенді жоспары күн тәртібіне шықты. Жиналыс барысында барлық ЖОО-ның, колледж басшыларының есептері мен алдағы жоспарлары тыңдалды. Жиналысқа қатысқан Абай атындағы ҚазҰПУ, Тарих және құқық институты құрамындағы Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА құрметті мүшесі Мәмбет Құлжабайұлы Қойгелдиев тарихшы-ғалым ретінде Алаш қозғалысы жөнінде көптеген ақпараттар беріп, Тарих және құқық институтында 2017 жылдың маусым айында өтетін Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми конференцияға шақырды.

 

 


 




Кері оралу