қазақша · русский · english
 
 
 
14.03.2017

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ

ӘЛЕМ ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ

 

А Қ П А Р А Т Т Ы Қ  Х А Т

 

Құрметті әріптестер!

 

            Сіздерді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің  Тарих және құқық институтының Әлем тарихы кафедрасы ««Әлемдік тарих ғылымының дамуы: тарих тағылымдары мен  альтернативалар» халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға  шақырады.

Конференция 2017 жылдың 28 сәуірінде өтеді.

 

Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі деп жоспарлануда:

 

І-секция.    Әлем тарихының өзекті мәселелері: тарихы және қазіргі кезеңдегі  дамуы.

ІІ-секция.   Ғаламдану контекстінде Қазақстан: әлеуметтік -саяси, көзқарастық және мәдени аспектілері  

ІІІ-секция. Жоғарғы және орта мектепегі тарихты оқытудың технологиясы және инновациялық тәсілдер

ІV-секция.  Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі: тарихи ретроспективасы және даму бағыттары

 

Конференция жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

          Материалдарды рәсімдеу тәртібі: мәтіннің көлемі толық 4-7 бетке дейін, А4 форматында, WINWORD XP, WORD 97-2003 немесе 2007, шрифт - Times New Roman, Кегель 14, жол арасындағы интервал 1, азат жол - 1,25см. Жоғарғы және төменгі шеттері - 20мм., сол жағы - 30мм., оң жағы - 10 мм.

Мақаланың рәсімделуі: Баяндама тақырыбы бас әріппен бір жолдан кейін оң жақ бұрышына жай әріппен, автордың аты-жөні ғылыми дәрежесі, одан бір жол төмен мекеме, қала аты жазылады. Келесі жолдан негізгі мәтін басталады. Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі. Мысалы, [1, 17-б]. Мақаланың соңында әдебиеттер тізімі көрсетіледі.  Қазақ, орыс, ағылшын тілінде жазылған мәтін үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде түйіндеме (резюме) беріледі.

Баяндаманың электрондық нұсқасы төменде көрсетілген мекен-жайға электрондық поштамен жіберілуі керек:  nadira_kyrymzhanova@mail.ru. Файл аты мақала атымен аталуы шарт.

            Конференцияға қатысу үшін мақалалар 15 сәуір 2017 ж. дейін ұйымдастыру комитетіне жіберілсін.

            Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Жамбыл көшесі 25, Абай атындағы ҚазҰПУ, Тарих және құқық институты, «Әлем тарихы» кафедрасы - 604 каб. Тел. (7272) 291-63-54,. Сот.87783728532

            Талаптарға сай болмаған, белгіленген уақыттан кешіктірілген мақалалар қаралмайды және авторға қайтарылмайды.

 

 

                                                   Ұйымдастыру комитеті


ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

 

Аты-жөні (толық) ______________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): ______________________________________________________________

Лауазымы: ______________________________________________________________

Ұйымның толық атауы: ______________________________________________________________

Байланыс телефоны: ______________________________________________________________

Автордың адресі:________________________________________________________

Факс, E-mail ______________________________________________________________

Мақалаға қысқаша аннотация, тақырыбы:_____________________________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            

 




Кері оралу