қазақша · русский · english
 
 
 
05.12.2016

ЖҰМАДАҒЫ ЖЫЛУЛЫҚ


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 03 желтоқсан - Мүгедектерді қолдау күніне орай Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің №5 жатақханасында тұратын Тарих және құқық институтының студенттері, магистранттары мен докторанттары институт директоры, профессор Болат Сағидоллаұлы Жұмағұловтың бастамасымен және Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты басқармасының қолдауымен 2016 жылдың 02 желтоқсанында «Жұмадағы жылулық» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Аяз атамен Ақшақар кейпінде киініп барған қайырымдылық шарасы Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты мүгедек балаларға арналған №2 Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балғын сәбилерге арналды. Мекеме басшысы Латифа Хамзақызы Қожамқұлова қарамағындағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балғындарға бағытталған іс-шараға өз ұжымы тарапынан шексіз ризашылықтарын айтып, университет ұжымының атына өз алғыстарын жеткізді. Қайырымдылық акциясына қатысқан университет білім алушылары рухани жағынан айтарлықтай сезімге беріліп, сәбилерге қуаныш сыйлап қайтты.

 




Кері оралу