қазақша · русский · english
 
 
 
02.12.2021

Республикалық студенттер мен магистранттарға арналған 76-шы ғылыми-теориялық конференциясы

 

2021 жылдың 29 қарашасында Тарих және құқық институтының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының 30-жылдығына арналған «Мәңгілік ел жастары - тәуелсіздік кепілі» тақырыбында студенттер мен магистранттарға арналған Республикалық 76-шы ғылыми-теориялық конференциясы өтті.

 

Конференцияны Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедра меңгерушісі Жомарт Симтиков алғы сөздерімен ашып берді. Спикер Тимур Дауылбаев әр студенттің өзіне белгіленген этикалық нормаларға сай баяндамасын қорғауына мүмкіндік беріп отырды. Конференцияға Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы өз студенттерін өзекті тақырыптарға дайындап қатысуына мүмкіндік жасады. Атап айтар болсақ, А.Д.Мейірманов, С.А.Омаров, Ж.К.Мадалиева, Г.Д.Рахимова, А.С.Бердалина, Қ.А.Қантаева, Ж.Ж.Қуанышбаева, С.С.Джанкадыров, М.Е.Тасыбекова.

 

   

 

   




Кері оралу