Өнер факультеті |
04.04.2024
«6в014-Музыкалық білім» ББ бойынша XVI Республикалық пәндік студенттік олимпиада 2024 жылдың 1-2 сәуірінде «РММ Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» «Музыкалық білім және психология» кафедрасының базасында «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасы бойынша XVI-ші Республикалық пәндік студенттік олимпиадасының 2-ші кезеңі өтті. Олимпиада «Музыканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша екі номинациядан қамтыды: 1) «Музыканы оқыту әдістемесі», 2) «Музыкалық ағарту».
Іріктеудің бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша, екінші кезеңге Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институтының «Музыкалық білім және хореография» кафедрасынан төрт студент қатысты: «Музыканы оқыту әдістемесі» 1 - номинациясы бойынша: Қалибек Жәйна Ержанқызы, 3(4) курс, «6В01402 - Музыкалық білім» (Жетекшісі: п.ғ.д., профессор Л.М. Нарикбаева); Әділжанова Арзигуль Әділжанқызы, 3(4) курс, «6В01402 - Музыкалық білім» (Жетекшісі: п.ғ.к., профессордың м.а. Л.Ш. Какимова).
«Музыкалық ағарту» 2 - номинациясы бойынша: Орынбасар Айтолқын Ержанқызы, 2 (4) курс, 6В01402 - Музыкалық білім» (Жетекшісі: п.ғ.д., профессор Л.М. Нарикбаева); Сұлтанбай Асылзат Серікқызы, «6В01402 - Музыкалық білім» (Жетекшісі: п.ғ.к., профессордың м.а. Л.Ш. Какимова).
«Музыкалық білім беру» білім беру бағдарламасы, XVI-ші Республикалық пәндік студенттік олимпиаданың нәтижелері бойынша қазылар алқасының шешімімен Абай университетінің студенттері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің жүлделі орындары мен номинациялардың дипломдарымен марапатталды: - «Музыка сабағының ақпараттық маңыздылығы үшін» дипломы «Еуропа халықтарының музыкалық дәстүрлері» музыка сабағы тақырыбында «Музыканы оқыту әдістемесі» 1-номинациясы бойынша - Қалибек Жәйна; - «Музыка сабағының әдістемелік жабдықталуы үшін» дипломы «Орган музыкасы» музыка сабағы тақырыбында «Музыканы оқыту әдістемесі» 1 - номинациясы бойынша - Әділжанова Арзигуль; - III дәрежелі дипломы «Музыка - өмірде жетістікке жетудің ең жақсы жолы!» тақырыбында «Музыкалық ағарту» 2 - номинациясы бойынша - Орынбасар Айтолқын; - III дәрежелі дипломы «Музыка сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығының маңызы» тақырыбында «Музыкалық ағарту» 2 - номинациясы бойынша - Сұлтанбай Асылзат.
2024 - Республикалық пәндік олимпиадаға қатысушыларымыз бен олардың жетекшілерін құттықтаймыз!
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|