Өнер факультеті |
01.04.2024
«Біз жемқорлыққа қарсымыз!» дөңгелек үстелі ұйымдастырылды
2024 жылдың 29 наурызы күні Абай университетінің Дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы Ғанибаев Нұрлан Сағидуллаұлының ұйымдастыруымен «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты дөңгелек үстел өткізілді. Қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдар негізге алынып, барлық қатысушыларға құқықтық мағлұмат берілді. Студенттердің білімдерін дағдыландыру, саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу сынды тақырыптар көтеріліп, «Сыбайлас жемқорлықтың» пайда болуымен күресудің бірнеше әдістері ұсынылды. Жиынға кафедраның оқытушылар мен профессор құрамы және 1-2-3 курс студенттері қатысты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|