қазақша · русский · english
 
 
 
19.02.2024

«Тылсым өнердің танымгері» тақырыбындағы кескіндеме, графика және қолөнер конкурсы

 
2024 жылдың 15 ақпанда университетімізде Өнер, мәдениет және спорт институтында «Көркем білім» кафедрасы және «Ұлттық тәрбие» орталығының ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан мемлекеттік туының авторы Шәкен Оңласынұлы Ниязбековтың 85 жылдығына арналған «Тылсым өнердің танымгері» тақырыбындағы кескіндеме, графика және қолөнер конкурсы өтті. Шығармашылық көрмеге институттың өнерлі студенттері өз туындыларын қойып, белсенді атсалысты. Ең озық делінген шығармашылық туындының авторы қаржылай сыйлықпен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу