Өнер факультеті |
30.11.2021
Cалауатты өмір салты - денсаулық кепілі
2021 жылдың 26 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының 2021/2022 оқу жылының кешенді жоспарына сәйкес, 1 желтоқсан - СПИД-ке қарсы Халықаралық күрес күніне орай, студенттер арасында «COVID19, ВИЧ/СПИД алдын алу және салауатты өмір - денсаулық кепілі» тақырыбында, студенттік өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен, Салауатты өмір салтын қалыптастырудың Алматы қалалық орталығының маманымен акция өтті.
Іс-шараға институттың профессор-оқытушылар құрамы және студенттері қатысты. Шараның мақсаты: жастардың өмірін сақтап қалу дағдыларын қалыптастыру, COVID-19, АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу шаралары туралы студенттердің хабардарлығын арттыру, өзін-өзі сақтау мінез-құлқын дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларын қалыптастыру арқылы жастардың денсаулығын сақтау және нығайту. Акция барысында көптеген маңызды сұрақтар талқыланып, студенттермен қызықты суреттер салынып, сұрақ-жауап айдары болып өтті. Өткен іс-шара студенттерге жақсы дағдылар сіңіруге себепші болды. Болашақта салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әуесті заттардан біздің студенттер алшақ болатынына сенімдіміз!
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|