Өнер факультеті |
05.05.2020
Музыкалық білім беру және хореография кафедрасындағы «Жұппен дәріс оқу»
Өнер, мәдениет және спорт институтының музыкалық білім беру және хореография кафедрасында профессор Лора Нарикбаева мен доцент Әлия Өмірзақова студенттерге және магистранттарға жұппен онлайн-дәріс оқу тәжірибесін қолданысқа енгізді. 2020 жылы 30 сәуірде оқытушылар 1 курс магистранттарына «Музыкалық білім берудің ақпараттық технологиялары» пәні бойынша «Синтезаторда ойнаудың негіздері: құрылымы және синтезаторда ойнаудың бастапқы дағдылары» тақырыбында жұппен дәріс оқыды. Дәріске «Негізгі музыкалық аспап (фортепиано)» пәнінің оқытушысы Лора Нарикбаеваның 1-2-курс студенттері де қатысты.
Жұппен дәріс оқу - бұл батыс елдерінде оқытушылар арасында өте танымал жұмыс істеу форматы. Мұнда екі оқытушы бір тақырып бойынша дәріс оқиды және өзара да, аудиториямен де мәселелі-ұйымдастырылған материал бойынша бірлескен жұмыс жүргізеді. Әдетте, бір оқытушы теориялық жағымен таныстырса, екіншісі тақырыптың тәжірибелік тұстарын көрсетеді.
Аталған сабақта Лора Нарикбаева презентация арқылы академиялық электронды пернелі аспап ретінде синтезатордың даму тарихы туралы дәріс оқыды.
Әлия Өмірзақова синтезатордың құрылымын көрсетті және таныстырып шықты, осыдан кейін 2-курс студенті Зубайра Юсупахметовамен бірге синтезаторда ойнаудың бастапқы дағдыларын үйретті. Сабақ соңында студенттердің өтілген материалды игеруін тексеру және пысықтау мақсатында онлайн-тест алынды.
Мұндай форматтағы сабақтың пайдалы жақтары: оқытушылар мен студенттер арасындағы диалогтық қарым-қаынас, шынайы кәсіби жағдайларда оқыту, теоретик пен практик көзқарасы бойынша мәселені талдау жүргізіледі, студенттердің ойлау белсенділігі артады және талқылауға белсенді қатысады, өз көзқарасын қалыптастыру мүмкіндіктері пайда болады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|