Өнер факультеті |
27.02.2020
Спектакль Абайдың 175 жылдығына арналды
Қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын өткізу аясында 2020 жылдың 25 ақпанында Өнер, мәдениет және спорт институтының «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының оқытушыларының жетекшілігімен студенттердің «Құлақтан кіріп, бойды алар» тақырыбында музыкалық-драмалық спектаклі өтті.
Қойылымның идея авторы және қоюшы режиссері -кафедраның қауымдастырылған профессоры Алмат Құмаржанов, вокалдық жұмыс - аға оқытушы Ләззат Бримгазина, хормейстерлер - қауымдастырылған профессор Светлана Балагазова мен магистр- Нұржан Касимов, спектакльдің музыкалық дизайны - профессорлар Бекен Бекмұхамедов мен Қамарсұлу Ибраева.
Сахнада ұлы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Көзімнің қарасы», «Татьянаның хаты» және т.б. көптеген шығармалары музыкалық білім және хореорафия кафердасының 1-3 курс студенттерінің орындауларында шырқалды. Сахналық бейнелердің тұтастығын құруда би композициялары мен музыкалық-драмалық қойылымдар маңызды орын алды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|