қазақша · русский · english
 
 
 
16.10.2023

24.03.2017
Martin Рirchal мырзаның MusiQuE Quality Enhancement (Брюссель, Бельгия) халықаралық аккредитация агенттіктің басқарма төрағасының шақыруы бойынша музыкалық білім сапасын жетілдіру мақсатында Астана қаласында Қазақ ұлттық өнер университетінің халықаралық аккредиттеу рәсіміне қабылдауына Абай атындағы ҚазҰПУ-ң Өнер, мәдениет және спорт институтының «Музыкалық білім мен хореография» кафедрасының қауым.профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Ибраева Қамарсұлу Ершатқызы 2017 жылы 13-16 наурыз айының кезеңінде қатысты.

07.03.2017
Ел Егемендігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен қалыптасуына арналған Республикалық ғылыми шығармалар байқауының «Үздік ғылыми мақалалар» номинациясы бойынша Өнер, мәдениет және спорт институтының профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Институтының ғылыми жұмыстарының директор орынбасары п.ғ.к., доцент Л.Ш. Какимова, «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор М.І. Джексембековалар марапатталды.

23.09.2016
2015/2016 оқу жылында Қытай мемлекетіндегі Чаожау қаласындағы Ханшань педагогикалық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарлама бойынша Өнер, мәдениет және спорт институтының «Бейнелеу өнері және сәндік қолөнер әдістемесі мен теориясы» кафедрасының аға оқытушы Бауыржан Токтарович Найманов, Қазақстан, Ресей және Қытайда шығармашылық жұмыстарымен республикалық және халықаралық көрмелерге қатынасқан шебер, графика саласы бойынша линогравюрадан сабақ өткізіп келді.

22.06.2016
2016 ж. 8-10 мамыр айының аралығында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында ҚР ЖОО-ның жас оқытушылары арасында өткізілген «XXI ғасыр педагогы» атты II-ші Республикалық байқауға «Бейнелеу өнері мен сәндік қолөнер теориясымен әдістемесі» кафедрасының педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Ибрагимов Аман Ілесович қатысып, «Креативті педагог» дипломымен және байқауға белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

15.03.2016
Бейнелеу өнері және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, ҚР Суретшліер Одағының мүшесі, бірнеше Республикалық, Халықаралық көрмелердің қатысушысы Тұрдығұлов Жолаушы Абылғазыұлы, ҚР Сурешілер одағының мүшесі, кафедраның магистрі Нүрке Майра Сыздыққызы, өнертану кандидаты Тұрғанбаева, «Шығармашылық мамандықтары» кафедрасының доценті Тұрғанбаева Шахизада Сайынбекқызы Назарбаев интеллектуалді мектебінде оқушыларға Мастер-класс көрсетіп, қазақ сәндік қолөнері туралы өздерінің білімдері мен шеберліктерімен, шығармашылық жолдарындағы әдістерімен бөлісіп қайтты

10.03.2016
Ақпанның 23 -ші жұлдызында 2016ж. Абай атындағы ҚазҰПУ-ң Өнер, мәдениет және спорт институының «Бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі кафедрасында Бауыржан Момышұлының 105 жылдығына арналған дәрісхана ашылды. Бауыржан Момышұлының тарихи жолы мен жұмысы, қазақ халқының ұлы бюсті, стендтер, кітаптар, фотосуреттер, суреттерімен жабдықталған дәрісхана кафедраның ғана емес институтың және жалпы университет мақтанышы болып табылады.

06.01.2016
Білім беру саласында өзара ынтымақтастық келісім және академиялық ұтқырлықпен Турция мен Қазақстанның ірі университеттерінің арасындағы ПОҚ-ның педагогикалық қызметінің серіктестігінің нәтижесі. Желтоқсан айында Музыкалық білім және хореография кафедрасына академиялық ұтқырлықпен келген 5В010600-Музыкалық білім мамандығы (Түркия) Эрзинджан университетінің кафедра меңгерушісі, доктор Ерсан Чифтчи өзінің қызметімен, түрік халқының музыкалық аспаптарымен және университеттің бөлімдерімен толық таныстырды.

06.01.2016
Альма-матер қабырғасында атап аЙтатын оқиға ол бірінші президент Н.Ә. Назарбаевтың, қазақстан халқына жасаған жолдауын талқылау.Өнер,мәдениет және спорт институтының барлық кафедраларында желтоқсан айының басында шыққан елеулі тарихи құжат куратор сағаттарында талқыланып, «бейнелеу өнері теориясы мен методикасы» кафедрасының магистранттары Қазақстан саяси реформасының әрі қарай даму жолдарының бағыттарын талқылау арқылы көрсете алды.