Жаратылыстану және география факультеті |
08.12.2015
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Жаратылыстану және география Институтында 2015 жылдың 3 желтоқсанында анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасы (меңгерушісі - м.ғ.д., профессор Балғынбеков Ш.А.) университеттің тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасымен бірлесе отырып, жыл сайын желтоқсан айының басында бүкіл әлемде аталып өтетін Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай «Жастар жаңа ғасыр індеті - АИТВ-ЖИТС-на қарсы!» студенттер мен профессор-оқытушыларға арналған семинар-акция өткізді. Акцияны Жаратылыстану және география Институты директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Т.Манапов кіріспе сөзбен ашты. Сонан соң сөз алған кафедра меңгерушісі, профессор Балғынбеков Ш.А. АИТВ инфекциясының шығу тарихы, қазіргі кезде әлем елдерінде және Қазақстанда таралуы, жұғу жолдары және стигма, дискриминация туралы, оның адам психологиясына әсері, алдын алу және сақтану шаралары жөнінде қызықты слайдтар көрсетіп, баяндап берді. Баяндаманың соңында профессор Балғынбеков Ш.А. қатысушыларды АИТВ-ЖИТС жөніндегі білімдерін арттыруға, осы індеттің алдын алуға және оны жоюға бағытталған ғылыми негізделген заманауи тәсілдерді кеңінен қолдануға шақырды. Акцияға арнайы шақырылған ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Салауатты өмір салтын қалыптастырупроблемалары жөніндегі ұлттық Орталықтың жетекші маманы, медицина ғылымдарының кандидаты К.К.Медеубаева студенттерге Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні туралы айтып берді. Осы күнді алғашқы рет 1988 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған болатын. Ал 1996 жылдан бастап оны БҰҰ-ның ВИЧ/СПИД (ЮНЭЙДС) бойынша Біріккен Бағдарламасы өткізіп келеді. Науқанның міндеті - қоғамның назарын АИТВ және ЖИТС мәселелеріне аудару, халықтың осы індет жөнінде ақпараттандырылу деңгейін арттыру, төзімді қоғамдық пікірді, ВИЧ-пен өмір сүретіндерге қатысты төзімді қарым-қатынасты қалыптастыру, індетті алдын алуға арналған бағдарламаларға қолдау көрсету. Осыдан соң Ұлттық Орталықтың педагог-маманы Оразалиева Б.С., қатысушы студент жастармен интерактивті түрде қызу пікір алмасу өткізді. Пікір алмасу кезінде біздің университетте білім алушы жастардың ғасыр дерті туралы жан-жақты ақпараты бар екендігі анық көрінді. Акция соңында қатысушыларға АИТВ-ЖИТС туралы бейнефильм көрсетіліп, кітапшалар тарқатылды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|