қазақша · русский · english
 
 
 
10.09.2019

ҚР Президентінің жолдауын талқылау

 

2019 жылы 6 қыркүйекте Жаратылыстану және география институтының химия кафедрасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы алғашқы Жолдауын талқылап және түсіндіру мақстында іс-шара өткізді. Іс-шараға химия кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы және 1-4 курс студенттері қатысты.


Іс-шараны кафедра меңгерушісі Жазира Мұкатаева ашып, студентерді және профессор-оқытушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады.


Президент жолдауын түсіндіру және талқылау бойынша кафедраның аға оқытушысы Тұрар Ақылбекова баяндап, келесі бөлімдерге тоқталды:
1. Заман талабына сай тиімді мемлекет;
2. Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3. Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика;
4. Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі;
5. Қуатты өңірлер - қуатты ел.


Студенттер мен оқытушылар Елбасының Жолдауын қызу талқылап, Қазақстанның одан әрі даму мәселелеріне қатысты өз ойларын ортаға салды.

 

   

 

   




Кері оралу