қазақша · русский · english
 
 
 
03.05.2019

«CHEM. PARTY» химиялық мерекелік кеш

 

2019 жылдың 30 сәуірінде Жаратылыстану және география институтында Химия кафедрасының аға оқытушысы Жанар Жақсибаеваның жетекшілігімен «5В011200-Химия» мамандығының қазақ, орыс және ағылшын бөлімдерінде оқитын 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «CHEM. PARTY» химиялық мерекелік кеш өтті.


Кеш қонақтары: ғылым департаментінің директоры Саябек Сахиев, ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларын мониторингтеу бөлімінің бастығы Галия Кирилова, институт директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов, директордың ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Қалампыр Жұмагулова, Химия кафедрасының меңгерушісі Жазира Мұқатаева, Студенттік директораттың белсенді мүшелері, институттың профессор-оқытушылар құрамы, кафедра меңгерушілері, студенттер, магистранттар мен докторанттар қауымы.

 

«CHEM. PARTY» кешінде әсерлі ән, флешмоб би шашу, түрлі химиялық эксперименттер, сиқыршының таңғажайып фокустары, жарасымды әзіл-қалжыңдар, көрермендермен көңілді ойындар болды. Қызыл кілемде танымал химиялық элементтердің шеруі өтті. Студенттердің көрсеткен түрлі-түсті химиялық эксперименттері көрермендерді ерекше таңқалдырды.

 

Кеш соңында студенттер профессор-оқытушыларды марапаттап, қошемет көрсетті. Көтеріңкі көңіл күй сыйлаған әсерлі кеш болды. Кеш қонақтары дән риза болып, үлкен әсер алып қайтты.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  




Кері оралу