Жаратылыстану және география факультеті |
27.11.2018
Свече университетіндегі тағылымдама (Пшасныш қ, Польша)
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеттің Жаратылыстану және география институтының «6М011600 - География» мамандығының 2 курс магистранттары 2018 жылдың 14-24 қараша аралығында Свече Лингвистикалық-техникалық университеті (Пшасныш қ. Польша) филиалында тағылымдық іс-тәжірбиеден өтіп келді.
Тәжірбие барысында магистранттар гуман.ғ.д., Стернал Элизаветтадан өздерінің университетте алған теориялық және практикалық білімдерін одан әрі шыңдап, Лингвистикалық-техникалық университетінің тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алды. Тәжірибе барысында Варшава қаласындағы Ұлттық кітапхана қорымен танысты. Кітапханадан ізденушілер магистрлік диссертациясына қажетті материалдарды қарастырды.
Болашақ географтар ретінде Варшава қаласының географиялық орны мен климатын, әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен табиғат ресурстарын салыстырмалы түрде сипаттама жасады. Тәжірбиеден өткен магистранттарға арнайы университеттің сертификаттары тапсырылды. Біздің ғылым соңына түскен магистрантарға он күндік бұл сапардың алған әсері, түйген ойлары мен берері мол болды.
Отправка студентов за границу по программе академической мобильности
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|