қазақша · русский · english
 
 
 
11.02.2019

«Әр өлеңі - бір әлем»

 

8 ақпанда Жаратылыстану және география институтында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай «Әр өлеңі - бір әлем» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік кешке институттың белсенді студенттері мен профессор-оқытушылары қатысты. Алғы сөз Жастар комитетінің төрағасы Ділдәбек Дидарбекке берілді.

 

Кешімізді Мұқағали Мақатаевтың өмірінен көрініс қоюмен басталды. Мың бұралған биші қыздарымыз бен күйшілеріміз әдемі күймен кешті одан әрі әсерлете түсті. Кеш барысында Мұқағали Мақатаевқа арнау оқыған дарынды студентеріміз ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып жарысып, алғыс хатпен марапатталды.

 

Кеш соңында директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов сөз алып, мерекелік кешті ұйымдастырған институттың студенттік өзін-өзі басқару Кеңесіне және ат салысқан белсенді студенттерге алғысын білдіріп, кеш өз деңгейінде өткендігін айтты.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу