қазақша · русский · english
 
 
 
08.02.2019

Дүниежүзілік қатерлі ісік ауруларына қарсы күрес күніне арналған «Қатерлі ісікке жол жоқ» іс - шарасы

 

2019 жылдың 4 ақпанында Жаратылыстану және география институты «Биология» кафедрасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік қатерлі ісік ауруларына қарсы күрес күніне орай «Қатерлі ісікке жол жоқ» тақырыбында іс - шара өтті. Іс - шараға институт директоры Кулаш Каймулдинова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов, «Биология» кафедрасының меңгерушісі Мұрат Жақсыбаев және кафедраның профессор - оқытушылар құрамы мен институт студенттері қатысты.


Шара барысында кафедраның физиолог профессор - оқытушылар құрамынан медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Амантай Кунакбаев, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Ғалия Татаринова, биология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушылар Шолпан Шыныбекова және Гүлнара Ташенова. Бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған қатерлі ісік ауруының алдын - алу жолдарын, пайда болу себептерін, сонымен қатар бүгінгі таңдағы көп таралған онкологиялық ауру түрлерін және олардың сандық көрсеткіштерін айта отырып, студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Аталған мәдени танымдық шарада студенттер де тақырыпқа сай сахналық көрініс қойып, өлең жырларын оқып, қозғалып отырған мәселенің мағынасын айқын көрсетуге зор үлестерін қосты.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу