қазақша · русский · english
 
 
 
01.02.2019

Жаратылыстану және география институтының профессорлық-оқытушылар құрамы Университеттің 2018-2025 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарымен таныстырылды

 

2019 жылдың 31 қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бірінші проректоры, физ-мат.ғ.д., профессор Мақтағали Бектемесов Жаратылыстану және география институтының ұжымын «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2018-2025 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары» мазмұнымен толықтай таныстырды.

 

Бірінші проректор баяндамасында 2025 жылға қарай ТМД елдері бойынша педагогикалық білім беру саласында және XXI ғасыр мұғалімдерін даярлауда көшбасшы болу үшін Университетте жүргізіліп жатқан маңызды іс-шараларды атап өтті. Сондай-ақ мұғалім мамандығының беделін арттыру үшін алдымен педагогика, оқыту әдістемесі және технологиялар саласындағы озық зерттеулердің нәтижелерін үздік білім беру бағдарламаларына енгізу қажет екендігіне тоқталды.


Жиынды ары қарай жалғастырған Жаратылыстану және география институтының директоры, г.ғ.д., профессор Күләш Каймулдинова институттың оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысының жағдайы мен даму болашағына қатысты институттың құрылымын, жұмыс бағыттары мен оқу жұмысын, білім алушылар контингентінің динамикасын, профессорлық-оқытушылар құрамының сандық, сапалы көрсеткіштерін және олардың жетістіктерін, білім берудегі жаңаша бағыт - ағылшын тілінде оқытуды, оқу-әдістемелік жұмыс нәтижелері мен оны ары қарай дамытуды, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын, ондағы жетістіктерді сипаттай келе, институт қызметін жетілдірудің басым бағыттарын айтып берді.

 

Жиын ашық пікір алмасу, ұсыныстар беру, сұрақ-жауап түрінде өтіп, институттың профессор-оқытушылар құрамы тың ойларды түйіндеп, жаңаша көзқараспен тарады.

 

   

 




Кері оралу