қазақша · русский · english
 
 
 
14.01.2019

«Денсаулық күні» қысқы спартакиадасы

 

10-12 қаңтар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқытушылар мен қызметкерлер арасында «Денсаулық күні» тақырыбында қысқы спартакиада өтті.

 

Спартакиада «Спартак» стадионында өтті. Жарыс бағдарламасына 7 спорт түрлері: шаңғымен сырғанау, коньки тебу, арқан тарту, шахмат, үстел теннисі, волейбол, мини-футбол кірді.

 

Іс-шараға Жаратылыстану және география институтының химия, биология және география кафедраларының профессор-оқытушылары белсене қатысты. Біздің командамыздың мүшелері спорттың әр түріне қатысып, жеңіске деген ұмтылысты, табандылықты, командалық рухты көрсетті.

 

Мұндай іс-шаралар белсенді, салауатты өмір салтын қалыптастырады және команданың бірігуіне ықпал етеді.

 

Жарыс қорытындысы бойынша Жаратылыстану және география институтының құрама командасы шаңғы жарысы және арқан тарту бойынша ІІ орындарды иеленді.


Спартакиада жеңімпаздары ректордың дипломымен марапатталды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу