қазақша · русский · english
 
 
 
26.11.2018

«Қызықты көңіл, студенттік өмір»

 

2018 жылдың 24 қарашасында сағат 17.00-де №5 оқу ғимаратының акт залында Жаратылыстану және география институтының Студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің ұйымдастыруымен «Қызықты көңіл, студенттік өмір» тақырыбында мерекелік кеш өтті.

 

Шын мәнісінде, бұл Жаратылыстану және география институтының Студенттік күні болды, ал кеш мақсаты - өнерлі жастарымызды анықтап, қарапайым студенттердің таланттарын ашу. Бұл туралы студенттердің мерекесінің ашылуында Институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов айтып өтті.


Кеш барысында 1,2 және 3 курс студенттері ән айтып, түрлі ұлт өкілдерінің биін билеп, өз өнерлерін көрермендерге паш етті. Сондай-ақ, таланттарымыз аспаптарда ойнап, кешті жандандыра түсті.


Кеш соңында директордың орынбасары Нұрлан Манапов институтымыздың ең белсенді студенттерін алғыс хаттармен марапаттады.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу