Жаратылыстану және география факультеті |
09.04.2018
«Ғылым декадасы - 2018»
2018 жылдың 6 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Ботаника және жалпы биология» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Ғылым декадасы - 2018» аясында «Қазақстан Республикасында биологиялық алуан түрлілікті сақтау және тиімді пайдалану мәселесі» жөнінде дәріс оқылды.
«Ботаника және фитоинтродукция институтының» бас директоры, ЖҒҰА-ның академигі Гүлнар Ситпаева дәріс оқу барысында биологиялық алуантүрлілікті сақтау және тиімді пайдалану мәселесі жөнінде және еліміздің тәуелсіздік алған 25 жылда қабылдаған, қол қойылған халықаралық заңдарға да тоқталып, олардың биологиялық алуантүрлілікті қорғауда маңыздылығына тоқталды. Қазақстан аумағында жабайы өсетін өсімдіктердің жүзден астам түрлері шаруашылықта құнды бағалы өсімдіктер, сондықтан олардың биологиялық әртүрлілігін сақтау және ұтымды пайдалану қазіргі таңда басымдық маңызға ие. Пайдалы өсімдіктердің түрлерінің ішінде әлеуметтік-экономикалық маңызды топтардың саны бойынша алдында дәрілік өсімдіктер (1400 түр), мал-азықтық (1028 түр) және тағамдық (500-дей түр). Қазіргі таңда «Қазақстан өсімдіктері әлемінің заңы» дайындалған, бірақ ол әлі қабылданған жоқ. Осы заңды тездетіп қабылдау керек, себебі барлық орман қорынан тыс жерлерде өсетін өсімдіктерді қорғайтын және тиімді пайдаланатын заңнамалық негіздер қарастырылмаған.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|