қазақша · русский · english
 
 
 
13.12.2017

 

2017-2018 оқу жылында бакалавриат пен магистратура түлектерінің жұмыс берушілермен кездесуі

 

 

Жаратылыстану және география институтында 2017 жылдың 11 желтоқсан күні «6M011300-Биология» 2 курс магистранттар, «5В011300-Биология» 4-ші курс бакалавриаттарымен 16.02.2017 жылдың ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде жұмыс берушілермен кездесу өтті.

 

Кездесуге коммерциялық емес қоғамның (КЕҚ) филиалы - агрохимиялық топырақ зерттеу және кешенді барлау жұмыстары департаментінің Алматы қаласы бойынша «Мемлекеттік корпорация» Үкімет азаматтары үшін» директоры Болат Жылқыбаев, Павлодар облысының ұқсас департаментінің директоры Аманғали Биімбетов, КЕҚ «Мемлекеттік корпорация» Үкімет азаматтар үшін» коммерциялық емес қоғамының жерді барлау және бақылау басқармасының маманы Сәуле Таирова, Жаратылыстану және география институтының директоры профессор Күләш Каймулдинова, және ботаника және жалпы биология кафедрасының меңгерушісі, профессор Софья Иманкулова қатысты.

 

Сәуле Таирова 2017 жылы Агроөнеркәсіптік кешені дамуының 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданғанын , соған сәйкес ҚР-ның 33 млн гектар мол жайылымдары аумағында геоботаникалық зерттеулер жоспарланғанын айтты. Геоботаникалық зерттеулерді «Үкімет азаматтары үшін» филиалының жер кадастары және жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеу департаменті жүргізеді.

 

Бұл бағдарламаны орындау үшін геоботаника мамандары қажет. Сіздің университетіңізде Жаратылыстану және география институтыда ботаника және жалпы биология кафедрасы бар, сол себепті біз бакалавриат және магистратура түлектерін жұмысқа шақырамыз. Әрине, болашақта өз бетімен жұмыс жасап кетулеріңіз үшін алғашында біздің мамандар даярлайды.

 

Студенттер бар ынталарымен ұсынысты тыңдады, нақты сұрақтарын қойды.

 

Кездесу нәтижесінде ынта білдіргендер алдын ала жұмысқа орналасуға келісім беріп, келесім-шарт толтырды.

 

Сондай-ақ Болат Жылқыбеков, Аманғали Биімбетов, профессор Күләш Каймулдинова, профессор Софья Иманкулова студенттер алдында сөз сөйледі.

 

  

 

  

 




Кері оралу