қазақша · русский · english
 
 
 
24.04.2024

Таза және тұрақты қоршаған ортаға маңызды қадам


«Аяла» эко-клубының белсенділерінің тамаша жаңалықтарын қабыл алыңыздар! Абай университеті «Аяла» эко-клубының белсенділері: Жумагали Назерке және Алтынбекова Айдана ЮНЕСКО кафедрасымен бірлесе отырып, Жаратылыстану және география институтының 1,3,5,6 қабаттарында тұрмыстық қалдықтарды ыңғайлы сұрыптауға арналған жәшіктер орнатылғанын қуана хабарлайды. ️

 

Қалдықтарды сұрыптау жәшіктерін орналастырмас бұрын, оқу ғимаратына ең көп өндірілетін қалдықтар түрлері ескеріліп, қалдықтардың мына 3 түріне арналған жәшіктер қойылды, олар: макулатура, пластик және алюминий. Сонымен қатар, жәшіктің сыртында арнайы қалдықтарды сұрыптау нұсқаулығы бар QR код енгізілген.

 

Бұл бәріміз үшін таза және тұрақты ортаға жасалған маңызды қадам. Өйткені, қалдықтарды бөлек жинау - бұл тұрақты дамуға, ресурстарды сақтауға және болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғауға ықпал ететін тәжірибе. Жер шарымызды сақтауға бірге ат салысайық!

 

  alt=  

                

 




Кері оралу