Жаратылыстану және география факультеті |
10.04.2024
«Ғылымға жол» дөңгелек үстелі
2024 жылдың 8 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының химия кафедрасында 1,2,3 курс докторанттарының ұйымдастыруымен «Ғылымға жол» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Институт директоры Күләш Қаймулдинова ашты. Шақырылған қонақтар ҚР химия ғылымының еңбек сіңірген ғалым-профессорлары Сарқыт Құдайбергенов пен Алима Жармағанбетова болды. Қонақтар осы саланы қалай және қашан таңдау керектігін, аталған мамандықтың иегері болу болу сынды тақырыптарды талқылады.
Өскелең ұрпақты саналы түрде тәрбиелеу және оның болашағындағы дұрыс бағыт - қоғам, педагогтар мен ата-аналар үшін ортақ міндет. Сондықтан, өткен іс-шара барысында оның қатысушылары елімізде және әлемде бәсекеге қабілетті маман болуға көмектесетін жаңа білім мен дағдыларға ие болды деп үміттенеміз.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|