Жаратылыстану және география факультеті |
29.03.2024
«ХХІ ғасырдағы педагогикалықбілім интеграциясы - болашаққа қадам» І Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институты, Алматы қаласы Білім басқармасы, Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығының қолдауымен Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінің бастамасымен 28-наурыз күні «ХХІ ғасырдағы педагогикалық білім интеграциясы - болашаққа қадам» тақырыбында І Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның негізгі мақсаты мен міндеттері: 1) жас ғалымдарды оқу - танымдық қызмет пен ғылыми зерттеу жұмыстарына ынталандыру, заманауи ғылыми мәселелерді шешуге тарту; 2) дарынды, талантты жастарға қолдау көрсету және шығармашылық қабілеттерін ашу; 3) жас ғалымдардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға қолдау көрсету.
I Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Сингапур, Индонезия, Белоруссия мемелекеттерінің және отандық ЖОО профессор оқытушылары, колледждер мен мектеп ұстаздары, докторанттар, магистранттар қатысты. Конференцияны институт директоры г.ғ.д., профессор К.Д.Каймулдинова мен химия кафедрасының меңгерушісі қауымдастырылған профессор, х.ғ.к. Ж.С.Мукатаева ашып, профессор, п.ғ.д.Н.К. Ахметов «Классикалық химияны геймификация элементтерімен оқыту»тақырыбында, институттың ПОҚ өкілдері химия білім бағдарламалары және ғылыми-зерттеу бағыттары бойынша баяндамалар жасады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|