қазақша · русский · english
 
 
 
10.11.2017

 

9 қараша күні Педагогика және психология институты ғимаратында Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, Жаратылыстану ғылымдарының корреспондент мүшесі Джанабаева Рая Айтбайқызының "Өмірі ізгілікпен өрнектелген -Ұстаз" атты 70 жылдық мерейтойына орай кеш ұйымдастырылды. Институт директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Манапов Нұрлан Тұрсынбекұлы институт директораты атынан арнайы құттықтау қағазын табыстады. Кеш барысында бейнежазбалар көрсетіліп, өлеңдер оқылды. Ән айтылып, тілек - құттықтаулар жолданды. Кешке институтымыздың "Қырмызы қыздар -ай " атты қыздар клубы қатысып, ұлағатты ұстазға өлең жолдарымен арнауларын оқып, гүл шоқтарымен құттықтауларын білдірді. Кеш жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, жақсы деңгейде өтті.

 

  

 

  

 




Кері оралу