қазақша · русский · english
 
 
 
19.02.2024

«Жануарлар мүшелерінің морфологиялық құрылымына антибиотиктердің әсері» ғылыми семинары

 

2024 жылдың 16 ақпанында Жаратылыстану және география институтында биология кафедрасының физиология бағыты бойынша профессор-оқытушылар құрамы - профессор Тұңғышбаева З.Б., аға оқытушылар Құлжанова Д.Қ., Нүркенов Т.Т., Ташенова Г.К., Отарова Н.И, магистр, оқытушылар Жарылқасынова Ж.М., Оразбаева Н.Б. ұйымдастыруымен «Жануарлар мүшелерінің морфологиялық құрылымына антибиотиктердің әсері» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді. Семинарда «7М01513 - Биология», «7М05101 - Биология» мамандығының 2 курс магистранттардың ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері тыңдалды. Аталған семинарда антибиотиктердің жануарлардың әр түрлі мүшелеріне, атап айтсақ, бүйрек, бауыр, аталық безі, жүрек, асқазан ішек жолдарына әсері туралы ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері баяндалды.


Ғылыми семинардың мақсаты - білім алушыларды антибиотиктердің адам ағзасына тигізетін әсерімен таныстыру және пробиотиктерді қолданудың маңыздылығын түсіндіру. Ғылыми зерттеу жұмыстарынан алынған нәтижелер аудиторияның жоғары қызығушылығын тудырды. Қазіргі заманауи медицинада емдеу барысында антибиотиктер көптеп тағайындалатындықтан, семинарға қатысқан оқытушылар мен студенттерден көптеген сұрақтар туындап, ғылыми түрде нақты жауаптар берілді. Жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде алынған гистологиялық препараттар студенттер үшін өте танымды ақпарат болды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу