қазақша · русский · english
 
 
 
21.11.2023

Жаратылыстану және география институты ғалымдарының халықаралық жобаға қатысуда


Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының ғалымдары соңғы үш жыл ішінде профессор К. Д. Каймулдинованың жетекшілігімен «Promoting Teacher Education for Climate Change Education through Collaboration between Asian Centres of Excellence on Education for Sustainable Development (ATECCE)» (Тұрақты даму мүддесінде білім берудің озық тәжірибелерінің азиялық орталықтары арасындағы ынтымақстастық арқылы климаттың өзгеруі бойынша педагогикалық білім беруге жәрдемдесу) халықаралық жобасына қатысуда. Бұл жобаны ЮНЕСКО-ның Тұрақты даму мүддесі үшін зерттеулер мен білім беру мәселесі бойынша қолдауымен Окаяма университетінің (Жапония) тұрақты даму мүддесі үшін білім беруді ілгерілету орталығы (ТДБ) ұйымдастырды. Жобаға Азияның 9 елінен 15 университет қатысады, соның ішінде Қазақстан, Жапония, Қытай, Индонезия, Моңғолия, Тайланд, Филлипин, Малайзия және Үндістан мемлекеттерінің білім беру орталықтары бар. 3 жыл ішінде Абай университетінің зерттеу тобы жоба бойынша үлкен жұмыс жүргізіп, тапсырмалар мен аралық қорытында есептерді сапалы және уақтылы орындады.

 

2023 жылы қарашаның 15-18 аралығында University Negeri Surabaya (UNESA) (Сурабая қ., Индонезия) жоба қатысушыларының кезекті кездесуі және The UNESA`s International Forum of University Rectors (UNIFUR) 2023 халықаралық форумы өтті. Форумға жобаның орындаушылары жаратылыстану және ғылым институты директорының ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары география ғылымдарының кандидаты Қ.К. Муздыбаева, постдокторант, география және экология кафедрасының аға оқытушысы Н. Д. Шакирова және ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының әкімшілік-құқықтық сүйемелдеу, стратегия және талдау департаментінің бас сарапшысы А. Ж. Жанатова жүргізілген жұмыстар бойынша есеп беріп, «Климаттың өзгеруі саласындағы білім беру мәселелері бойынша мұғалімдерді даярлаудың Азиялық негіздемелік бағдарламасын» және оны барлық білім беру ұйымдарының тәжірибесі негізінде тарату жөніндегі басшылықты әзірлеуге қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу