қазақша · русский · english
 
 
 
25.04.2023

«Абай оқулары» конкурсы


Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттап, «Абайтану» пәні бойынша ақын мұраларымен етене жақындастыру, оның қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқыту, өткен күндердің елесін қайта жаңғырту арқылы қазақ санасындағы елсүйгіштік сезімді күшейту мақсатында «Абай оқулары» конкурсы өтті. Конкурсты Aбaй aтындaғы ҚaзҰПУ-дың «8D02308-Әдебиеттaну» мaмaндығының 1 курс докторaнты Айнагул Ахметова және Жаратылыстану және география институтының «Qoldau» студенттік өзін - өзі басқару ұйымы ұйымдастырды.

 

Конкурс келесі кезеңдерден тұрды: I кезең - «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»; II кезең - «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»; III кезең - «Абай жолы - халық жолы»; IV кезең - «Көңілім әнді ұғады».

 

Төрт кезеңнен тұрған конкурста Жаратылыстану және география институтының 1 курс студенттері Абай өлеңдерін мәнерлеп оқып, қара сөдерін жатқа айтып, «Абай жолы» роман-эпопеясынан қойылымдар қойып, әндерін тамылжыта орындауда жоғары деңгейде бақ сынасты.

 

Конкурс нәтижесінде Бас жүлдені - Сақтаған Алматбек; 1 орынды - Оңталап Айбек, 2 орынды - Нұрлан Нұршуақ, Құрманбай Ажар; 3 орынды - Мэлсова Оразгүл, Дүйсенбек Мадина, Елеусызова Жұпар иеленді. Белсенді қатысқан қатысушылар - Тілес Анел, Калдыбай Аида, Есбала Дилназ, Толқын Ермек алғыс хаттармен марапатталды.

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және осы конкурсқа қатысқан барлық студенттерге алғыс айтамыз. «Абай оқулары» сияқты іс-шаралар өз жалғасын табады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу