қазақша · русский · english
 
 
 
05.05.2017


         2017 жылдың 5 мамыр күні сағат 10:30 -да Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Жаратылыстану және география институтының алдында «7 мамыр -Отан қорғаушылар күні » мерекесіне орай Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тәрбие басқармасы мен Жаратылыстану және география институтының директораты бірлесе отырып, сонымен қатар студенттік өзін - өзі басқару кеңесі мен институт аруларының ұйымдастыруымен акция болып өтті.

       Акция барысында институттың профессор - оқытушыларына ,ер -азаматтары мен студенттеріне сыйлықтар таратылып, студент арулары өздерінің арнайы дайындаған «флешмобын» ұсынды. Қорытынды сөзді Жаратылыстану және география институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Манапов Нұрлан Тұрсынбекұлы алып, өзінің ыстық лебізі мен алғысын білдірді.

 

 

 

 

 

 




Кері оралу