қазақша · русский · english
 
 
 
13.02.2023

Оқушыларға арналған Ашық есік күні


2023 жылдың 9 ақпанында кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын жандандыру мақсатында Жаратылыстану және география институтының «Qoldau» студенттік өзін-өзі басқару ұйымы және «Sparkle Science of Chemistry» клубының ұйымдастыруымен Ш.Уалиханов атындағы №12 гимназиясының бітіруші 11 сынып оқушыларына арналған Ашық есік күні өтті. Мектеп оқушыларына «Бейорганикалық химия», «Аналитикалық химия» және «Органикалық химия» пәндері бойынша қызықты химиялық эксперименттер көрсетілді.

 

Іс-шараны «Химия-биология» мамандығының 3 курс студенті Тлеулес Тахатбек педагогикалық практиканы өту барысында ұйымдастырды. Зертханалық жұмыстарға химия кафедрасының аға оқытушысы Жанар Жақсибаева жетекшілік етті.

 

Ашық есік күніне арналған іс-шарада институт директоры Күләш Каймулдинова оқушылардың назарына университеттің қазіргі мүмкіндіктері жайлы ақпаратпен бөлісіп, жылы лебізін білдірді.


Оқушылар үшін университет мұражайына экскурсия да өткізілді. Оқушылар институт басшылығына алғыстарын білдіріп, жарқын әсерлерімен бөлісті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу