қазақша · русский · english
 
 
 
12.12.2022

«Заманауи педагогтің құзыреттілігі» интеллектуалды сайысы

 

2022 жылдың 9 желтоқсан күні Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы мен Жаратылыстану және география институты «Qoldau» студенттік өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Заманауи педагогтің құзыреттілігі» тақырыбында институтаралық интеллектуалдық сайыс өткізілді. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Атап айтатын болсақ, 1-кезең «ТопMedia» деп аталды. Бұл кезеңде студенттер арнайы видео сұрақтар мен педагогикалық терминдерге жауап берді. 2-кезең «Педагогикалық жағдаят» деп аталып, бұл кезеңде арнайы жағдаяттық сұрақтар берілді. 3-кезең «Заманауи педагогтің сабақтағы құзыреттілігі» - бұл кезеңде студенттер сабақтың жоспары, ұйымдастыру құзыреттілігі, қолданатын жаңа әдіс-тәсілдер мен технологиялар, педагог этикасының сақталуы, сабақ кезеңдерінің ара-жігінің анықталуы, кері байланыс пен бағалау жүйесінің қамтылуын арнайы жобаларында қорғады. Байқаудың комиссия мүшелері Б.Әлмұхаметов, Ш.Колумбаева, М.Ибраимов, Ш.Карбаева, Б.Сапаров студенттердің жұмыстарын бағалап, нәтижесінде І орынды Педагогика және психология институтының «Abai bol» тобы; ІІ орынды Физика, математика және информатика институтының «Тізгін» тобы; ІІІ орынды Филология инстутының «Жас жүректер» тобы иеленді.


Тарих және құқық институтының «Qazaqi propaganda» тобы мен Өнер, мәдениет және спорт институтының «Smart педагог» топтары арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу