қазақша · русский · english
 
 
 
28.11.2022

«Тұрақты даму мақсатында жаратылыстану-ғылыми білім және ғылым парадигмалары» халықаралық ғылыми форумы

 

2022 жылдың 24 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Тұрақты даму мақсатында жаратылыстану-ғылыми білім және ғылым парадигмалары» халықаралық жастар ғылыми форумы өтті. Бұл форум Жаратылыстану және география институты Окаяма университетімен (Жапония) бірлесіп жүзеге асыратын «Promoting Teacher Education for Climate Change Educationthrough Collaboration between Asian Centres of Excellence on Education for Sustainable Development» («Азия педагогикалық шеберлік орталықтарының ынтымақтастығы арқылы климаттың өзгеруіне байланысты білім беру үшін мұғалімдердің білімін арттыру») халықаралық жобасы аясында өткізілді.


Форум мақсаты - тұрақты даму идеяларына сәйкес қазіргі заманғы жаратылыстану мен білім берудің даму тенденцияларын талдау.


Форум жұмысының негізгі бағыттары: Жаратылыстану-ғылыми білім және ғылым парадигмалары; Тұрақты даму мақсатында жаратылыстану-ғылыми білім берудің қазіргі тенденциялары; Тұрақты даму идеяларын іске асырудың аймақтық аспектілері; Аумақтардың қауіпсіздігі мен тіршілік әрекетін қамтамасыз ету мақсатында орнықты дамумәселелері; Пандемиядан кейінгі және жаһандану жағдайындағы кезеңде Тұрақты даму мәселелері бойынша үйлестіру және нығайту; Экологиялық қауіпсіздік саласындағы заманауи білім мен ғылымның тенденциялары.


Халықаралық форумға Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Әзірбайжан, Франция және Жапонияның жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының жас ғалымдары қатысты. Спикерлердің баяндамаларын белсенді талқылау және олардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелері форумның жоғары деңгейде өткенін көрсетеді. Форум барысында Жас ғалымдар кеңестері бірлескен ғылыми жобаларды, іс-шараларды жүзеге асыру және одан әрі ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. Форум соңында Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова баяндамашылар мен белсенді қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар табыстап, жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына табыс тіледі.

 

  alt=  

 

  alt=    alt=

 

  alt=  




Кері оралу