қазақша · русский · english
 
 
 
11.11.2022

Биология ғылымдары саласындағы заманауи педагогикалық білім берудің өзекті мәселелері мен перспективалары


2022 жылғы 10 қарашада «Биология ғылымдары саласындағы заманауи педагогикалық білім берудің өзекті мәселелері мен перспективалары» онлайн-конференциясы өтті.

 

Іс-шара барысында Жаратылыстану және георгафия институтының директоры Каймулдинова К. Д. және «Биология» кафедрасының меңгерушісі Майматаева А. Д. құттықтау сөз сөйледі.

 

Конференцияда жаңартылған бағдарлама бойынша биология оқулықтарының мазмұны талқыланып, 11-сыныпқа арналған биология оқулығының авторлары Н.Абылайханова, А.М. Перимбекова, А. М. Қалыбаева, Е. В. Швецова өз пікірлерін білдірді.

 

Профессор Макашев Е.К. «Функционалдық биологиялық жүйелерді бағдарламалау, оларды компьютерде ашу үшін модельдеу» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, ҚазҰҚПУ кафедра меңгерушісі А. М. Калекешовтың, Ахмет Яссауи атындағы ХҚТУ доценті А. К. Убайдуллаеваның, Абай атындағы ҚазҰПУ түлегі, Алматы қаласы, №175 «Жаңа Ғасыр» мектеп - гимназиясының биология пәнінің ұстазы Балахан Райгулдің баяндамалары тыңдалды.

 

Мұғалім Джамартова С.А. өз пікірімен бөлісті, 11-сынып оқулығы өте күрделі, әсіресе жаңа бөлімдер одан әрі жетілдіруді қажет ететінін атап өтті.

 

Конференцияға ЖГИ түлектері, жас ұстаздар Жанна Қарасаева (№71 мектеп -лицей) Аманкелді Мадина (№1 Азат мектебі) және т. б. қатысты.

 

Ұйымдастырушылар - профессор А.С.Кунакбаев, профессор А.М.Бабашев, доцент Г.Ш.Татаринова, аға оқытушы Г.К.Ташенова, аға оқытушы Н.И.Отарова, оқытушы Жарылқасынова Ж. М.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу