қазақша · русский · english
 
 
 
27.10.2022

Республика күні - қоғамның жаңғыру жолы


2022 жылдың 24 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Жаратылыстану және география институты «География және экология» кафедрасының ұйымдастыруымен Қоқанд мемлекеттік педагогикалық институтынан (Өзбекстан) келген әріптесіміз Лутфулло мырзаның қатысуымен «Республика күні - қоғамның жаңғыру жолы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.


Дөңгелек үстел мақсаты - қоғамның рухани жаңғыру жолындағы Егемендік декларациясының маңызын талқылау, білім алушылардың бойына елге, жерге деген тәрбиелік қасиеттерді сіңіру. Кафедрамыздың профессор-оқытушылары: PhD доктор Думан Алиаскаров, доцент Талғат Увалиев, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а Қайрат Омаров, г.ғ.к., профессор м.а Қастер Сарқытқан, аға оқытушы Андрей Абулгазиев, постдокторантар Шахислам Лайсханов, Нурбол Усеновтің қатысуымен Тәуелсіздіктің іргетасы саналатын Егемендік туралы декларация - қай халық үшін де құны жоғары екендігін атап кетті. Дөңгелек үстел отырысы барысында тәуелсіздік хронологиясы, саяси күштердің тәуелсіздікке әсері, қазақ қоғамындағы тіл мәселесі, ішкі саясаттағы көпдінділік пен көпұлттылық мәселелері кеңінен талқыланды. Қоқанд мемлекеттік педагогикалық институтынан келген әріптесіміз Лутфулло мырза да Өзбекстан тәжірибесінен бөлісіп, баяндама жасады.


Кездесу барысында сол оқиғалардың хронологиясы, саяси күштердің тәуелсіздікке әсері, қазақ қоғамындағы тіл мәселесі, көпұлттылық, ішкі саясат мәселелері талқыланды.Қазақстанның орнықты дамуын нығайту - «Мәңгілік ел» идеясының төңірегінде топтасқан барлық азаматтардың міндеті екені атап өтілді. Республиканың болашағы ұлттық рухты бойына сіңірген білімді жастардың қолында.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу