қазақша · русский · english
 
 
 
03.05.2022

«Педагогикалық мамандықтар студенттері арасында жаратылыстану пәндері бойынша» II Халықаралық студенттік олимпиада

 

2022 жылдың 28-29 сәуір күндері Жаратылыстану және география институтының ұйымдастыруымен Қапшағай қаласында «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Педагогикалық мамандықтар студенттері арасында жаратылыстану пәндері бойынша» II Халықаралық студенттік олимпиаданың ашылу салтанаты өткізілді.

 

Олимпиаданың ашылу салтанатында академиялық мәселелер бойынша проректор Мақтағали Бектемесов, Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова, «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының директоры Ләззат Джалаева сөз сөйледі.

 

Аталған олимпиадаға Мәскеу қалалық педагогикалық университеті, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті, Мукими атындағы Қоқанд мемлекеттік педагогикалық институты, Ош мемлекеттік педагогикалық университеті, Әндіжан мемлекеттік университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттерінен жалпы 10 команда қатысты. Әр команда 3 студенттен құралған.

 

Олимпиада 4 кезеңнен тұрды. 1-ші кезең «Педагогика бізді біріктіреді» тақырыбында командалардың таныстырылымы, 2-ші кезең педагогикаға қатысты тест тапсырмалары арқылы командаларды бағалау, 3-ші кезең бойынша Білім беру әдістемесіне сай тақырыптар бойынша көлемі 500 сөзден кем болмайтын эссе жазу және 4-ші кезең «Климаттың өзгеруі және тұрақты даму» тақырыбында кейс қорғау. Аталған іс-шарада студенттер өздерінің білімін, белсенділіктерін көрсетті.

 

Екі күнге созылған олимпиада нәтижесі бойынша Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің командасы жүлделі бірінші орынға ие болды. Екінші жүлделі орынды Абай атындағы ҚазҰПУ және Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің командалары иеленді. 3-ші орын жеңімпаздары Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеттерінің командалары болды. Сонымен қатар, «Ең тату топ» номинациясы бойынша Ош мемлекеттік педагогикалық университеті, «Ең белсенді команда» номинациясы бойынша Әндіжан мемлекеттік университеті, «Ең білімді команда» номинациясы бойынша Мукими атындағы Қоқанд мемлекеттік педагогикалық институты және «Ең шығармашыл топ» номинациясы бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеттері марапатталды.

 

Командалар арасынан білімдерімен ерекшеленген үздік студенттер «Ең мықты химик» номинациясы бойынша Абраев Нуркасым (Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті), «Ең мықты биолог» Тургунбоева Дилшода (Андижан мемлекеттік университеті), «Ең мықты географ» Казакова Жылдыз (Ош мемлекеттік педагогикалық университеті), «Abai university көзайымы» Рохманинов Сергей (Мәскеу қалалық педагогикалық университеті) марапатталды. Олимпиада қатысушыларына айтар алғысымыз көп. Жүректеріңізге әріптестік пен достықтың өрнегін салып, білімдеріңізбен алмасып, олимпиададан тамаша әсер алды деген ойдамыз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу