қазақша · русский · english
 
 
 
14.04.2022

Жаратылыстану және география институты ғылым айлығын өткізеді


2022 жылдың 13 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институты Ғылым, инновация және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің ұйымдастырған «Ғылым айы» аясында «Химия» білім бағдарламаларының аға оқытушылары, эдвайзерлер химия ғылымдарының кандидаттары, Ж.Қ.Қорғанбаева, М.А.Оразбаева мен О.К.Кулумбетованың ұйымдастыруымен және 2-ші курс магистранттары мен студенттерінің қатысуымен «Қалай?Қашан? Қайда?» интеллектуалды шоуы өткізілді.

 

Интеллектуалды шоудың мақсаты - білім алушыларды өз бетінше ізденуге, өз ойын еркін жеткізе білуге, жан-жақты ақпараттандыру дағдыларын дамытуға, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету. Интеллектуалды шоудың әділ қазылары - PhD, аға оқытушылар Г.У.Илясова, Н.Шадин, Д.А. Каражанова болды. Іс-шараны «Химия» ББ студенттері, магистранттары, профессор-оқытушылар құрамы тамашалады. Интелектуалды шоудың жеңімпаздары арнайы сыйлықтармен марапатталды.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу