қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2022

«Гипоксиялық жаттығулардың білім алушылар салауаттылығы мен саналық іс әрекеттеріне әсерінің физиологиялық негіздерін зерттеу» вебинары

 

2022 жылғы 12 сәуірде Ғылым декадасы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының «Биология» білім беру бағдарламалары профессор - оқытушылар қаурамы және ҚР БҒМ ҒК «Генетика және физиология институты» ШЖҚ РМК ғалымдарының бірлесе ұйымдастырылған «Гипоксиялық жаттығулардың білім алушылар салауаттылығы мен саналық іс әрекеттеріне әсерінің физиологиялық негіздерін зерттеу» тақырыбында вебинар өткізілді.

 

Іс-шара барысында зерттеуші-ғалымдар «Гипоксиялық жаттығулардың білім алушылар салауаттылығы мен саналық іс әрекеттеріне әсерінің физиологиялық негіздерін зерттеу» тақырыбында орындалып жатқан зерттеу нәтижелерімен институт қызметкерлері және білім алушыларының арасында талдау жасалды.

 

Вебинар соңында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану және география институты және ҚР БҒМ ҒК «Генетика және физиология институты» ШЖҚ РМК арасында екі жақты меморандумға қол қойылды.

 

   

 

   




Кері оралу