қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2022

«Түйіндемеден жұмысқа орналасуға дейін» мастер-классы


2022 жылдың 11 сәуірінде «География, қоршаған орта және қызмет көрсету саласы» ББ оқытушы Ел-Дана Суранчиеваның ұйымдастыруымен студенттерге арнайы Rixos Almaty-да жұмыс жасайтын HR-менеджер Амина Омармен бірлесе отырып «Түйіндемеден жұмысқа орналасуға дейін» тақырыбында мастер-класс өткізілді.


HR-менеджер Амина Омар өз тәжірибесімен бөлісіп, түйіндемені қалай жақсы құрастыру керектігін айтты, мұқабалық хат не екенін және оны қалай жазу керектігін түсіндірді, студенттер soft skills және жұмыс психологиясы туралы жаңа мәлімет алып, жаңа жұмысқа сұхбаттан қалай өту керектігін және алғашқы әсер қалдыру туралы білді.

 

   




Кері оралу