қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2022

Экология бойынша жобалар конкурсы


2022 жылдың 11 сәуірінде Ғылым онкүндігі аясында Жаратылыстану және география институтында «7М01513-Биология» мамандығының 1 курс магистранттарының қатысуымен «Қазақстан Республикасында тұрақты дамуы мүддесінде биологиялық білім беруді экологияландыру» тақырыбында жобалар конкурсы ұйымдастырылды.

Конкурстың мақсаты тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған жұмыстарды жүзеге асыру, білім алушыларды жобалық зерттеулерді орындауға дағдыландыру.

Іс-шара барысында магистранттар «Қоршаған ортаны қорғауда Жасыл мектептер маңызы», «GO Green экологиялық білім мен тәрбиені қалыптсатыруды насихаттаушы ұйым» және «Планетаны сақтау: ойындар климаттың өзгеруіне қарсы күресте қалай көмектеседі» тақырыбында өздерінің инновациялық жобаларын ұсынды. Жобалар конкурсы магистранттарға зерттеушілік қызығушылықтарын арттырумен қатар, өз жобаларын әрі қарай дамытып, гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысуға жоспар құруға өз әсерін тигізді.


Конкурстың ұйымдастырушысы «Биология» білім беру бағдарламаларының қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы, PhD Махаббат Аманбаева болды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу