«Ғылымға жол» дөңгелек үстелі
2022 жылдың 11 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ жаратылыстану және география институты химия ББ тобының аға оқытушылары Қорғанбаева Ж.Қ., Оразбаева М.А. және оқытушы Сулейменова М.Т. ұйымдастыруымен «Ғылым декадасы» аясында «А.Б.Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» нститутының бас ғылыми қызметкері, профессор Т.Қ.Джумадиловтың қатысуымен «Ғылымға жол» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты болашақ дарынды жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін қолдау, ғылыми қызметке тартудың ықтимал жолдары мен құралдарын талқылау және қазақстандық әлемге танымал ғалымдардың ғылым жолындағы еңбектерімен таныстыру. Дөңгелек үстелге онлайн қатысушылар да болды.
Дөңгелек үстелдің басты қонағы профессор Талқыбек Джумадилов химия білім бағдарламалар тобының студенттері, магистранттары мен докторанттарына өзінің ғылым жолындағы еңбектері және қазіргі кездегі Қазақстанның ғылым саласындағы дамып жатқан бағыттар жайлы қызықты да, өзекті мәселелерді баяндады. Студенттер мен магистранттар сұрақтар қойып, өте жақсы пікір алмасқан іс-шара болды.