қазақша · русский · english
 
 
 
08.04.2022

«Тапқыр генетик» интеллектуалдық сайыс


2022 жылғы 6 сәуірде Ғылым онкүндігі аясында Жаратылыстану және география институты «Биология» білім беру бағдарламаларының оқытушылары: Раушан Джунусова, Рита Саимова, Толғанай Алтынбек, Жазира Жарлықасынованың ұйымдастыруымен «6В01513 - Биология» мамандығының 3 курс студенттері арасында «Тапқыр генетик» интеллектуалды сайыс өткізілді.


Әділ-қазылар мүшелері - профессор Докторхан Айдарбаева, Микробиология және вирусология ғылыми институтының ғылыми қызметкері Эльмира Анаркулова, Жаратылыстану және география институтының ғылым, инновациялар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекшісі Махаббат Аманбаева өз әділ бағаларын берді. Сайыс 5 кезеңнен тұрды: 1) Тесттілік сайыс Quizizz. 2) Ситуациялық, сұрақтарға жауап беру, 3) Деңгейлік генетикалық есептерді шығару, 4) Постер қорғау (Заманауи генетиканың жетістіктері), 5) Білім мен ғылымды ұштастыру (эксперимент).

 

   

 

   




Кері оралу